«Ересектер мен балалар Офтальмологиясы» мамандығы бойынша резидентурада оқыту тек күндізгі нысанда өткізіліп, төмендегідей қаржыландырылады:
- мемлекеттік тапсырысты іске асыру,
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен,
- білім алушының өз қаражаты есебінен.
.jpeg)


Резидентураға тыңдаушыларды қабылдау - емтихан тапсыру арқылы конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Резидентураға өтініштерді қабылдау - 3-25 шілде аралығында
Түсу емтихандары - 8-16 тамыз аралығында
Резидентураға есепке алу - 28 тамызға дейін
Жұмыс уақыты - сағат 08.00-17.00. (түскі үзіліс сағат 12.00 - 13.00). Демалыс күндер - сенбі, жексенбі
РЕЗИДЕНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ
ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ:
Резидентураға түсетін тұлғалар, ағымдағы жылдың 3-25 шілдесі аралығында құжат тапсырады.
Қабылдау комиссиясына тапсыруға арналған құжаттар:
1) ұйым басшысының атына белгіленген нысандағы өтініш;
2) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
4) жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У (немесе 075-У) нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
8) медициналық ұйымнан үміткерді оқытуға қолдаухат (ЖАО-мен шарттар шеңберінде оқуға түсушілер үшін/ұйымнан шарт жасасу және оқу шығыстарын төлеу туралы кепілдік хат (ұйым оқуға ақы төлеу шартымен ақылы негізде оқуға түсушілер үшін);
9) Ғылыми жарияланымдардың болуын растайтын құжаттар (бар болса);
10) Қолданыстағы TOEFL және IELTS сертификаттары (бар болса);
11) Пластикалық папка (үсті мөлдір) - 1 дана.
Ескерту:
1. Үміткер құжаттарын комиссияға жеке тапсырады;
2. Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Алматы қаласы, Қожамқұлов көшесі, 136, ҚазКАҒЗИ-ның емханасы, дипломнан кейінгі білім беру бөлімі (№ 1,2 кабинеттер).
Қосымша ақпаратты мына байланыс нөмірлері арқылы алуға болады:
+7 (727) 341 02 96, +7 (708)6370655 WhatsApp
немесе e-mail: poslediplom@mail.ru поштасына жазуға болады
Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда, қабылдау комиссиясы өтінішті одан әрі қараудан бас тартуға құқылы.
.png)