КА ҚазҒЗИ білім беру қызметінің миссиясы қазіргі заманғы отандық және халықаралық өлшемдерге сәйкес келетін бәсекеге қабілетті, инновациялық ойлайтын және патриоттық тәрбиеленген мамандарды даярлау, сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты экономикалық өсуі мен гүлденуіне ықпал ететін элиталық ғылыми-зияткерлік және ақпараттық-мәдени орта құру болып табылады.
Дипломнан кейінгі білім беру бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы «06» мамырдағы № 0142684 мемлекеттік лицензиясы негізінде офтальмолог дәрігерлердің біліктілігін арттыруды және резидентура тыңдаушыларын оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Қазіргі уақытта КА ҚазҒЗИ білім беру қызметі 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № KZ33LAA00016970 лицензияға сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім қызметінің бағыттары:
- Резидентура
«Офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы» мамандығы бойынша мамандарды даярлау резидентураның клиникалық мамандықтар тізіміне сәйкес жүргізіледі. Офтальмология бойынша резидентураның білім беру бағдарламасы оқытудың клиникалық бағытын және осы мамандық бойынша тереңдетілген мамандандырылған даярлықты көздейді. Резидентураның осы бағдарламасын игеруге ниет білдірген адамдардың алдыңғы білім деңгейі - базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы. Резидентураның білім беру бағдарламасын игеру ұзақтығы 3 жылды құрайды.
Резидентураға түсушілердің өтініштерін қабылдау 3-25 шілде аралығында жүргізіледі.
Резидентураға түсу емтихандары 8 тамыздан 16 тамызға дейін, қабылдау - күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін өткізіледі.
Резидентураға түсетін азаматтар мамандық бойынша түсу емтихандарын тапсырады.
2. Офтальмолог дәрігерлердің біліктілігін арттыру.
Офтальмолог дәрігерлердің біліктілігін арттыру шеңберінде дипломнан кейінгі білім беру бөлімі:
- кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын іске асыратын ұйымдарымен бірге жұмыс жасайды;
- офтальмолог дәрігерлерді біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламалары мен циклдары туралы хабардар етеді.
Циклдерді өткізу мерзімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген. Емдеу-алдын алу мекеме басшыларының өтінімдері бойынша жоспардан тыс, көшпелі жетілдіру циклдері ұйымдастырылады. Сондай-ақ топтардың жинақталуына қарай (кемінде 5 адам) жүргізілетін жетілдіру циклдары да өткізіледі. Циклдерді өткізу мерзімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген.
Анықтама алу телефоны: 8 (727) 283-60-31