КА ҚазҒЗИ Жас ғалымдар кеңесі (бұдан әрі - ЖҒК) институттың қоғамдық ұйымы болып табылады және институттың әртүрлі бөлімшелерінің өкілдерінен құрылады.
ЖҒК өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, институт Жарғысын, институт басшылығының қаулылары мен өкімдерін басшылыққа алады.
ЖҒК қызметіне жалпы басшылықты Бас директордың ғылыми қызмет жөніндегі орынбасары жүзеге асырады. ЖҒК қызметі ғылыми-зерттеу жұмысы бөлімімен және институттың оның жұмысына жәрдемдесетін басқа да бөлімшелерімен байланыста жүзеге асырылады.
ЖҒК мақсаттары мен міндеттері
ЖҒК қызметінің мақсаттары: институттың жас ғалымдарының кәсіби өсуін жандандыру, өзекті ғылыми проблемаларды әзірлеу және басым ғылыми міндеттерді шешу үшін олардың күш-жігерін біріктіру, сондай-ақ институттың жас ғалымдарының инновациялық қызметін дамыту болып табылады.
ЖҒК негізгі міндеттері институттың жас ғалымдарын біріктіру және алға қойылған мақсаттарды орындау, жаңа білім алу үшін олардың қызметін жандандыру және олардың бірлескен ғылыми қызметін біріктіру, институттың жас ғалымдарына іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге жәрдемдесу болып табылады.
ЖҒК қызметінің функциялары:
- Институттың Ғылыми кеңесінде, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда және бұқаралық ақпарат құралдарында жас ғалымдардың мүдделерін білдіру;
- Институттың жас ғалымдарының қызметіне мониторинг және талдау жасау;
- институттың жас ғалымдары мен ғылыми ұйымдарының мамандары арасында ақпарат алмасуды жолға қою: баспа және электрондық кәсіби ақпарат көздері, гранттар, қорлар, жас ғалымдар мен мамандарды қолдау бағдарламалары, конференциялар, мектептер, ғылыми-практикалық семинарлар және т.б. туралы ақпарат тарату және алмасу;
- Институттың жас ғалымдарының конференцияларын, семинарларын, жетекші ғалымдардың дәріс циклдерін өткізуді ұйымдастыруға ықпал ету;
- Институтта жас ғалымдардың ғылыми-инновациялық жобаларын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың басқа да нысандарын құруға ықпал ету;
- Институттың жас ғалымдарының жұмысына қатысу үшін қызметі зияткерлік қызмет нәтижелерін практикалық қолдану (енгізу) болып табылатын шаруашылық қоғамдарын ұйымдастыруға бастамашылық ету;
- Жас ғалымдардың жаңа ақпараттық технологияларға толыққанды қол жеткізуін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау;
- Институттың жас ғалымдарының әлеуметтік және басқа да проблемаларын шешуге қатысу;