Ақылы бөлімшеде көз патологиясы (катаракта, глаукома, көз торының аурулары, нұрлы қабықтың (ирис) зақымдануы, диабеттік ретинопатия, жасқа байланысты макулярлы дегенерация, гемофтальм, көздің жарақаттары және басқалар) кезінде операциялық араласудың барлық түрлері жүзеге асырылады.

Операцияларды ең жоғары білікті және тәжірибелі офтальмохирургтер жүргізеді.

Ақылы бөлімде науқас интраокулярлық линзалардың барлық түрлерін, сондай-ақ премиум класын таңдай алады.

Бөлімшеде 20 төсек орын бар.

Сіз бізде заманауи жабдықпен толық диагностикалық тексеруден өтіп, катаракта, глаукома, миопия (алыстан көрмеу), астигматизм, геперметропия (жақыннан көрмеу), қылилық, птоз, көз торының аурулары, иристің зақымдануы, диабеттік ретинопатия, жасқа байланысты макулярлы дегенерация, гемофтальм, көз жарақаттары мен т.б. көз ауруларының жоғары технологиялық емін ала аласыз.

  

Написать в WhatsApp