КА ҚазҒЗИ Ғылыми Кеңесі - институттың ғылыми және практикалық жұмыстарын үйлестіруге арналған тәуелсіз алқалы орган болып табылады.

Ғылыми Кеңестің өз құзыретіне сай мәселелер бойынша шешімдерін институттың құрылымдық бөлімшелердің және барлық қызметкерлердің орындауы міндетті.

Ғылыми Кеңестің қызметі ашық отырыстарда жариялылыққа, ұжымдық талқылауға және мәселелерді шешуге, КА ҚазҒЗИ қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алдындағы жауапкершілікке негізделеді.

Ғылыми кеңес құрамында төраға, төрағаның орынбасары, ғалым хатшы және Кеңес мүшелері болады.

Ғылыми кеңестің құрамына институттың жетекші ғалымдары мен мамандары, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы кіреді.

Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

  1. Институттың ғылыми және клиникалық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, институттың негізгі бағыттары мен даму перспективалары бойынша жұмыс нәтижелерін талқылайды.
  2. Институттың ғылыми-техникалық бағдарламасының қалыптасуын, іске асырылу барысын бақылау.
  3. Жүргізілетін ғылыми зерттеулердің сапасын бағалау.
  4. Тиісінше ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша ҒЗЖ аралық және қорытынды есептерді қарау.
  5. Ізденушілер мен аспиранттардың диссертациялық жұмыстарын талқылау және бекіту.
  6. Диссертациялық жұмыстардың орындалу барысын талқылау және олардың ресми қорғауға ұсыну.
  7. Басылымға монографияларды, әдістемелік ұсынымдарды, оқу-әдістемелік құралдарды және басқа да құжаттарды бекіту.
  8. Институт басылымдарының редакторын және редакция алқасы құрамын бекіту.
  9. ҒЗЖ нәтижелерін енгізу жоспарының орындалуын талқылау.
  10.  Профессор және доцент ғылыми атақтарын беруге ұсыну туралы шешім шығару;
  11. Жеке жұмыс жоспарларын бекіту және ғылыми бөлімдердің, ғылыми қызметкерлердің, резидент-тағылымдамадан өтушілердің атқарған жұмыстары туралы есептерді қарау.
  12. Стратегиялық жоспарлауды қоса алғанда, институтты дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау;
  13. Қаржы-шаруашылық қызмет жоспарын және университетті дамыту бағдарламасын қарау.
  14. Институттың Жарғысында көзделген басқа да мәселелерді қарау.

Ғылыми кеңестің отырыстары айына кемінде 1 рет өткізіледі. Ғылыми кеңестің шешімі бойынша немесе Ғылыми кеңес төрағасының ұсынысы бойынша отырыстарды өткізу уақыты немесе Ғылыми кеңестің кезектен тыс отырыстары өзгертілуі мүмкін.  

Ғылыми кеңес отырыстарының күн тәртібіне мәселелерді енгізу жөніндегі ұсыныстар Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өткізілетін күнге дейін екі аптадан кешіктірілмей мазмұнды жазбалар және басқа да ілеспе материалдар түрінде ғалым хатшыға ұсынылады.

Написать в WhatsApp