Офтальмологиядағы барлық
игіліктер
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты-өз зерттеулерінің негізінде көру органдары патологияларын емдеудің инновациялық клиникасы.
Институт емделушілерге арналған клиниканы, сондай-ақ жетілдіру және қайта даярлау циклдерін ұйымдастыру жолымен ҚР барлық офтальмологиялық қызметі үшін практикалық кадрлар даярлаудың оқу орталығын, сондай-ақ бірқатар жоғары оқу орындарының Офтальмология кафедралары үшін клиникалық база болып табылады.
Көз аурулары ҚазҒЗИ-да шамамен 80 резидент оқытудан өтеді. Олар терең теориялық білім алып қана қоймай, білім беру саласындағы заманауи жабдықтар мен инновациялық технологиялардың арқасында дағдыларын шыңдай алады
.
Миссиясы
Медициналық ғылым мен білімнің озық жетістіктерін пайдалана отырып, халықаралық деңгейдегі медициналық қызметтер көрсету арқылы пациенттеріміздің офтальмологиялық денсаулығын жақсарту.
Болашаққа көзқарас
Бәсекелес ортада тиімді жұмыс істейтін клиникалық, ғылыми және білім беру практикасының синергизмі негізінде офтальмологиялық көмектің барлық түрлерін көрсететін Қазақстан Республикасы мен Орта Азиядағы жетекші офтальмологиялық орталық болу.