Медициналық сақтандыру қоры және Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты

Бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Әшуев Алматы қаласындағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында болып, институт басшылығымен міндетті медициналық сақтандыру есебінен халыққа консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігі мәселелерін талқылады.

«Бүгінде офтальмологиялық қызмет халық арасында үлкен сұранысқа ие және әрбір сақтандырылған науқас міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы сапалы тексеруден өтіп, уақытылы ем алуы үшін оларды қолжетімді ету қажет», - деді жиын барысында ӘМСҚ басшысы.

Көз аурулары институтының директоры Нейля Алдашева өз кезегінде қор басшылығын ҚазҒЗИ қызметімен таныстырып, институт қызметі, оның ішінде медициналық сақтау желісі де республиканың біртұтас офтальмологиялық қызметі аясында күшейтілетінін атап өтті.

Жаңалықтармен әл.желілерде бөлісу
Написать в WhatsApp