Барша қазақстандықтарды қасиетті Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жыл сайын бұл мерекені барша қазақстандықтар асыға күтеді. Халқымыз үшін бұл көктемнің басталуы мен табиғаттың жаңаруын ғана емес, бейбітшілікті, мейірімділікті, махаббат пен достықты бейнелейді. Бұл мереке жылдан жылға бүгінде Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерін біріктіріп келеді.

Көктемнің осынау жарқын мерекесінде Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының ұжымы барша қазақстандықтарға бейбітшілік, жақсылық, әрине денсаулық тілейді.

Жаңалықтармен әл.желілерде бөлісу
Написать в WhatsApp