Көз аурулары Қазақ ҒЗИ - республиканың ең ескі ғылыми-зерттеу, клиникалық және білім беру мекемелерінің бірі, 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өңірлерде өз филиалдарын ашу дәстүрін жалғастыруда.
КА ҚазҒЗИ Шымкент қаласындағы филиалының даму тарихы 2014 жылдан басталады. Осы жұмыс кезеңінде өңірдегі офтальмологиялық аурулардың ерекшелігі зерделеніп, офтальмологиялық көмек көрсетудегі негізгі қажеттіліктер анықталды. Көз аурулары институтының Алматы қаласындағы бас клиникасында хирургиялық көмек алатын пациенттердің жалпы ағымының 25%-дан астамы ҚР оңтүстік өңірлерінің тұрғындары болып табылады. Жоғары технологиялық жедел араласуларға жоғары қажеттілікті ескере отырып және Президенттің денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттілігі туралы Жолдауы шеңберінде КА ҚазҒЗИ Шымкент қаласындағы филиалының қызметін кеңейту туралы шешім қабылданды.
2021 жылы осы мақсаттарды іске асыру және өңір тұрғындарының қажеттіліктерін шешу үшін офтальмологиялық көмек көрсетудің барлық халықаралық стандарттарына жауап беретін мүлдем жаңа және заманауи клиника дайындалды. Клиника әлемдік деңгейдегі жаңа диагностикалық және операциялық жабдықтармен жабдықталған.
2021 жылы Қазақстанның оңтүстік өңірінде тұңғыш рет КА ҚазҒЗИ клиникасында офтальмологиядағы ең күрделі жоғары технологиялық бағыттардың бірі - витреоретиналды хирургия енгізілді. Осы мақсатта заманауи жабдықтар сатып алынып, мамандар даярланды, бұл емдеу-диагностикалық қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Бұл емдеу әдісі қант диабетінің асқынуы, миопия (оның ішінде балаларда), жастық макулярлы дегенерация, көз жарақаттары салдарынан тор қабаттың сылынуы кезінде соқырлықты оңалтуға және болдырмауға бағытталған. Бұған дейін мұндай емді КА ҚазҒЗИ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы клиникалары ғана жасайтын.
Қазіргі уақытта КА ҚазҒЗИ офтальмологиялық қызметтер нарығында көшбасшы болып қала береді: жыл сайын 70 000-нан астам консультация беріледі, 20 000-нан астам ота жасалады және 7 000 лазерлік араласу жүргізіледі. КА ҚазҒЗИ-нің ТМД елдерінің, Түркияның, Ұлыбританияның, АҚШ-тың офтальмологтарымен кәсіби ынтымақтастығы халықаралық медициналық стандарттарды, инновациялық технологияларды күнделікті тәжірибеге енгізуге және алынған тәжірибені ҚР өңірлерінде одан әрі таратуға ықпал етеді.
Офтальмологиялық кластерді кеңейтудің мақсаты әлеуметтік маңызы бар көз ауруларынан соқырлық пен нашар көруді азайтуға бағытталған Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары үшін жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
КА ҚазҒЗИ Шымкент қаласындағы клиникасы заманауи диагностикалық жабдықтармен, көбінесе түйіспесіз модульдармен жабдықталған.
Операциялық блок катаракталық, витреоретиналдық, лазерлік хирургияға арналған заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.