Консультативтік қабылдау
Көру проблемаларының алдын-алу – болашақта үлкен проблемалардан арылудың ең жақсы тәсілі
Консультациялық-оңалту бөлімшесі амбулаториялық деңгейде науқастарды емдеу стандарттары мен хаттамаларына сәйкес қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолдана отырып, көру органы патологиясы бар науқастарға диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізуге арналған.
Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттері:
- ҚР халқының білікті консультациялық офтальмологиялық көмек алуға және аумақтық тиесілігіне және жұмыс орнына қарамастан, пациенттердің қызмет бейіні бойынша маманды немесе денсаулық сақтау мекемесін еркін таңдау қағидатын іске асыруға қажеттіліктерін қанағаттандыру
- пациенттердің мүдделерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды тұрақты жетілдіру, дәрігер мен пациенттің уақыт шығындарын барынша азайту, диагностикалау мен емдеудің тиімділігін арттыру
- миссия, пайымдау, стратегиялық мақсаттар, сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды іске асыру
- институтта үдерісті басқарудың заманауи стандарттары мен құралдарын енгізу және пациенттерді қабылдау-консультациялық қызмет көрсету, амбулаториялық бақылау және емдеу сапасын арттыру
- көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына пациенттердің жоғары сеніміне және мінсіз беделге қол жеткізу
Бөлімшеде қабылдау бекітілген қызметтер құнына сәйкес ақылы негізде Call-center арқылы алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Азаматтардың белгілі бір санаты үшін жеңілдіктер қарастырылған.
Қызметтер және құны
Шақырту кезіндегі офтальмолог консультациясы
11 825 ₸
Шақырту кезіндегі офтальмолог консультациясы м.ғ.к.
13 135 ₸
Офтальмологтың консультациясы м.ғ.к.
8 400 ₸
Офтальмологтың консультациясы м.ғ.д.
10 400 ₸